БҚО-да автобус пен LADA Kalina соқтығысып, бір адам қаза тапты

09 маусым 2022, 09:08

8 маусымда шамамен сағат 18:35-те Жәңгір хан көшесі бойында қайғылы оқиға орын алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

№ 7 жолаушылар автобусы LADA Kalina жеңіл көлігімен соқтығысты.

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2004 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды.

 

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, олар оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтайтын болады, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі

 

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.