БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды

08 наурыз 2022, 17:53

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаменті апат 7 наурыз күні Ақжайық ауданы Томпақ ауылынан 10 шақырым жерде болғанын хабарлады.

 

"Mitsubishi Montero автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, Renault жүк көлігімен соқтығысты. Оның салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қайтыс болды",-деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Қазір оқиғаға қатысты тергеу басталды.