БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

08 маусым 2022, 16:20

БҚО тасжолында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза болды. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Қайғылы оқиға 7 маусымда сағат 19:15-те Жалпақтал-Чапаево тасжолының 115-шақырымында болған.

 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 36 жастағы ер адам тізгіндеген Lexus көлігі аударылып кеткен. Жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

 

Сондай-ақ, көлікте 32 жастағы әйел отырған. Ол түрлі дене жарақатымен Жалпақтал ауылының ауруханасына жатқызылды. Алайда сағат 23:55-те есін жимастан қайтыс болған.

 

Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу амалдары басталған.