Екі көлік соқтығысып, біреуі төңкеріліп қалды (видео)

28 қыркүйек 2021, 23:40

Ақтау қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, біреуі төікеріліп қалды. Бағдаршамның қызыл жарығын елемеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Қаланың 31 және 32-ші ықшамаудандары аумағында болған жол-көлік оқиғасына Opel Combo көлігі кінәлі болған, деп жазды Instagram желісіндегі na_dorogah_aktau парақшасы.

 

Opel Combo көлігінің жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кеткен. Оны өз бағытымен алаңсыз кетіп бара жатқан Daewoo Nexia көлігі бүйірден соғып, төңкеріп тастады. Зардап шеккендер жоқ, — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметі.

 

 

Жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісіне ҚР ӘК 610-бабына сәйкес хаттама толтырылған.