«Орал-Атырау» тасжолында екі көлік бетпе-бет соғылып, екеуі де өртеніп кетті. Бір көліктің адамдары оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші көліктегілер ауыр жаралы, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Жантүршігерлік жол апаты 24-қазан күні кешкі 20:00 шамасында Орал-Атырау тасжолының 209-шы шақырымында болға, деп мәлімдейді Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақжар ауданына қарасты Ақсуат ауылы маңында Lada Vesta және Lada Priora жеңіл көліктері бетпе-бет соғылып, екеуі де өртеніп кеткен. Lada Vesta көлігінің 1991 жылғы жүргізушісі мен оның жанындағы серігі түрлі дене жарақатымен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілген. Ал Lada Priora көлігінде болған екі адам оқиға орнында көз жұмған.
Аталмыш оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бап 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.