Жамбыл облысында 36 жастағы полицей жол апатынан көз жұмды

04 сәуір 2022, 22:12

Тараз қаласында полиция инспекторы Қадыр Бадыров өмірден өтті. Бұл туралы  Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Қадыр Сурхадинұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.

 

"Полиция майоры Қадыр Бадыров өзін жоғары кәсіби қызметкер және тамаша адам ретінде көрсетті. Ол туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

 

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы Байзақ ауданында жол апатынан қаза тапқан.