Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жантүршігерлік жол апаты: Алматы облысында жеңіл көлік екі КамАЗ-дың ортасында мыжылып қалды

17 мамыр 2021, 14:00

Алматы облысында жантүршігерлік көлік апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оқиға бүгін сағат 10:00 шамасында болды.

 

Қарасай ауданының Жібек жолы-Елтай-Боралдай автожолында жеңіл автокөлік екі КамАЗ-дың ортасында қалған.

 

Соққының салдарынан «Мазда-626» көлігінің сау-тамтығы қалмады.

 

Көлік апатын Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі растады.

 

«HUALING» маркалы жүк көлігі кептеліс салдарынан арақашықтықты сақтамай «Мазда-626»-ға барып соғылған. Жеңіл автокөлік соққының салдарынан алдындағы «Volvo» жүк көлігіне соғылған. Оқиға орнында жеңіл машинаның жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға түсті«, - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Қазір аталған көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.