Апат түс мезгілінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Өскеменде жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, 5 адам зардап шекті.
Островский көшесімен келе жатқан TOYOTA көлігінің 40 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан.
Оқиға салдарынан бес адам зардап шеккен. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала түрлі дәрежеде жарақат алған.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады, — делінген облыстық ПД хабарламасында.