Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

24 қыркүйек 2022, 12:10

Жетісу облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 24 қыркүйек күні таңертең Сарқан ауданы, Алмалы ауылының маңында Toyota Hilux автокөлігінің қатысуымен болды.

 

Автокөлік тізгінінде 38 жастағы ер адам болған, ол Алматы – Өскемен автожолының 427-шақырымында көлікті басқара алмай оның аударылып кетуіне жол берген.

 

Оқиға орнында үш адам қаза тапты.

 

Жүргізушінің өзі және 48 жастағы жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

 

Қажетті сараптамаларды тағайындаумен аталған ЖКО ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.