Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Жол апаты: скутер мінген жігіт ауруханаға түсті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Қостанайда Баймағамбетов-Уәлиханов көшелерінің қиылысында скутер мен жеңіл көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Скутер мінген жігіт қиылыстан өтіп үлгеремін дегенде "Аудимен" соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан скутер мінген 32 жастағы жігіт жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілді.

 

Полиция аталған дерек бойынша материал жинап, тергеуді бастады.

 

 

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында тіркелді. "Ваз-2114" автокөлігін мінген 52 жастағы жүргізуші 83 жастағы қарияны қағып кетті. Зейнеткер жолды кесіп өтпек болған. Қария ауыр жарақаттан ауруханада көз жұмды.

 

ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу" 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, -деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Қостанай облысында жыл басынан бері 268 жол апаты тіркелген. Солардың салдарынан 67 адам қаза тауып, 318 адам жарақат алды.

 

Облыста жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты екі жедел алдын алу іс-шарасын жүргізеді. Олар: "Автобус" (4-13 қазан аралығында) және "Қауіпсіз жол" (28 қыркүйек пен 15 қазан аралығында). "Автобус" операциясы кезінде полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 284 ереже бұзу фактісін анықтады. "Қауіпсіз жол" операциясы кезінде 3427 ереже бұзушылық тіркелген.

 

 

 

 

 




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 01:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31