Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

"Жол апатынан 14 оқушы қайтыс болды": желіде тараған видеоның мән-жайы анықталды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы тарап кетті. Ал мәтінде 14 оқушының қайтыс болғаны туралы айтылған. Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

 

"Айшабибіде маевкадан қайтып келе жатқан 14 оқушы қайтыс болыпты. Ата-аналар чатына салыңыздар! Балалар ата-ана жанында болсын", - делінген видеоның сипаттамасында.

 

Жамбыл облыстық полиция департаменті жол апаты 24 мамырда Айша Бибі ауылының жолында болғанын хабарлады.

 

"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Таразға қарай келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігі BMW көлігінің соқтығысқанын анықтады. Жол апатынан BMW-ның 19 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.

 

Бұдан бөлек, 6 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 11055    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 18:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31