Жол апатынан жолаушының басы жұлынып қалды

16 тамыз 2021, 22:40

Жамбыл облысында сұмдық оқиға болды. «Фольксваген-Пассат» бетон бағанасына соғылып, бір жолаушының басы жұлынып қалды.

 

Адам шошырлық қайғылы жағдай Байзақ ауданының орталығында болған.

 

Полицейлер таратқан мәліметке сүйенсек, 27 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, екпінмен келіп жол жиегіндегі бағанаға соғылған.

 

Қатты соққыдан солондағы екі жолаушы зардап шекті. Жас шамасы 12-13-тегі жасөспірімдердің біреуінің басы денесінен бөлініп қалған. Ал, екіншісі ауруханаға түсіпті.

 

Сорақысы көлік жүргізушісі апат болған жерден қашып кеткен. Бірақ ол көп ұзамай қолға түсті.

 

Қазір дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

ktk.kz