Жол ортасында трюк жасаған жігітті көлік қағып кетті

25 мамыр 2022, 09:24

Newscorr қолданушысы көлік қағып кеткен сәттің видеосын Экспресс К редакциясына жолдаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Елордада жол ортасында акробатикалық трюктар жасап жүрген жас жігітті көлік қағып кетті.

 

Кадрда жас жігіт үлкен жолдың қиылысындағы сабылысқан көліктердің арасында акробатикалық трюктар жасап жүргені байқалады.

 

Сол сәтте бағдаршамның жасыл түсіне жүріп келе жатқан көлікке соқтығысады.

 

 

Видео авторының айтуынша, ауыр жарақат алған жігіт ауруханаға жеткізілген.