Петропавлда жолды кесіп өтпек болған екі оқушыны жеңіл көлік қағып кетті. Оқиғаның кісішошырлық бейнежазбасы әуелі жергілікті пабликтерде жария болған.
Солтүстік Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметі оқушылардың Жұмабаев көшесін кесіп өтпек болғанда көлік қаққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Күндізгі 14:00 шамасында Жұмабаев көшесінен өтпек болған балаларды Mercedes-Benz қағып кеткен. 2008 және 2009 жылы туған екі оқушы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Осы оқиғаға қатысты ҚК 345 бабы 2 бөліміне сәйкес іс қозғалды, — деп жазады өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы да көлік қаққан балалардың денсаулығы орташа ауыр халде екенін мәлімдеді.