Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам ажал құшты

28 тамыз 2023, 09:08

27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100  автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.

 

 

Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

 

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Жол апаттарының негізгі себебі - жылдамдықты арттыру және қарама-қарсы бағытқа шығу.  Жол қауіпсіздігі әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке тәртібіне байланысты.

 

Полиция барша жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz