Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды (видео)
Қарағандыда жеңіл автокөлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты Сортировкаға барар жолда болған.
Жол-көлік оқиғасына №118 жолаушылар автобусы ұшыраған. Қоғамдық көлік салонында 45 адам отырған.
Облыстың полиция департаментінің ақпарынша, автокөлік автобусқа соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі түрлі жарақат алған, ал оның 23 жастағы жолаушысы көз жұмған.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген.
Көлік қирап қалған, қайта қалыпқа келмейді.
Оқиға орнында түсірілген фото, видеолар әлеуметтік желіде тарады.
"Жол апаты таңертең сағат 9.25-те Сортировка мен Майқұдық тас жолының арасында болған. Жеңіл автокөлік рөлінде 21 жастағы көлік жүргізушісі отырған. Ол рөлді басқара алмай қалған сыңайлы, осылайша "ВАЗ- 2114" қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп қоғамдық көлікпен соқтығысқан", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.