Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көкпек – Кеген – Түп тасжолындағы асуда көлік аударылды

21 желтоқсан 2022, 16:12

20 желтоқсанда Алматы облысында республикалық маңызы бар Көкпек – Кеген – Түп тасжолында жол-көлік апаты тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД мәліметінше, Hyundai Santamo автокөлігін басқарған 44 жастағы ер адам қатар келе жатқан Mitsubishi Galant көлігіне соғылған. Соққы екпінінен асудан ұшып кеткен Hyundai Santamo жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

 

Зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

 

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.