Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті

17 желтоқсан 2022, 13:38

Қостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті. Екі адам көз жұмды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолдың 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Нәтижесінде ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Газель" автокөлігімен соқтығысты, содан кейін екі көлік өртеніп кетті.

 

Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. "Газель" жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.  Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген "ЖҚЕ бұзу"сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалады.                                                                                                              

Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын және, әсіресе, жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.  Абай болыңыз, өміріңіз өз қолыңызда!