Қостанай облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

20 ақпан 2022, 17:53

Қостанай облысында Пешковка ауылынан бес шақырым жерде Volvo автокөлігі пойызбен соқтығысты.

 

Полицияның кезекші бөліміне хабар 20 ақпан 06.20-да түсті.

 

"Оқиға орнына жеткен полицейлер Volvo автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған шамын елемей, пойызбен соқтығысқанын анықтады", - деп мәлімдеді полиция департаменті.

 

Жол апаты салдарынан Volvo жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақат алып, Федоров аудандық ауруханасына жеткізілді.

 

 

 

sputnik.kz