Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанай облысындағы жантүршігерлік жол апаты

30 наурыз 2022, 17:34

Қостанайлық полицейлер Тобыл қаласында болған жантүршігерлік жол апатының жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған жантүршігерлік кадрлар кеше кешкісін Қостанай облысындағы Тобыл қаласында болған.

 

Мәлімет бойынша көшеде үш көлік соқтығысып, жаяу кетіп бара жатқан адамды соққан.

 

 

 

"Hyundai Accent көлігін тізгіндеген 20 жастағы азамат 56 жастағы жүргізуші мінген Renault Logan автокөлігімен соғылған. Ал екі көліктің біріне соғылған Skoda Yeti қатты екпінмен тротуардағы жаяу адамды қаққан. Қатты соққыдан 25 жастағы жігіт қаза тапты", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

Жүргізушілер мен жолаушылар түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.