Қостанайда жоғары жылдамдықпен жүйткіген көлік дәмханаға соғылды

07 сәуір 2022, 09:07

Lexus көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен бүлінген кафенің екі қызметкеріне медициналық көмек қажеттілік танытқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты екені айтылады.

 

Жол апаты, alau.kz мәліметінше, пицца әзірлейтін дәмхана орналасқан «Второй подъем» автобус аялдамасында орын алды.

 

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын мәлімдеді.