Қостанайда жол апатынан 3 айлық нәресте қаза тапты

17 тамыз 2023, 16:55

Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында ВАЗ 21099 автокөлігі Toyota Camry көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

17 тамыз сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында 22 жастағы жүргізуші ВАЗ 21099 автокөлігін тізгіндей отырып, Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруымен қарсы бағытта келе жатқан Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

 

Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

 

Жол апатынан зардап шеккен Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілген. Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды. 

 

Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. 

 

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz