Құлжа тасжолындағы жантүршігерлік апаттың видеосы жарияланды

21 желтоқсан 2021, 23:23

Көліктен сау тамтық қалмаған жол апаты күндізгі сағат 14:30 шамасында Халық арена кешені маңында болған. BMW көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған екі көлік пен талды барып соққан.

 

Бұл жөнінде Kris.p.Almaty ақпараттық порталы өзінің Telegram арнасында бөлісті, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматы ПД осы жол апатына қатысты түсінік берді. Көлігінің жүргізушісі жол шетінде тұрған екі бірдей Subaru Legacy көлігін талқандап өтіп, талға барып соғылған. Жүргізуші жедел түрде облыстық көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілген, — деп жазады автор.

 

 

Аталған жол апатына қатысты кісі шығыны жөнінде әзірге ақпарат жоқ.