Күйік асуында болған жол апатының видеосы жарияланды

16 маусым 2022, 20:34

15 маусым түнгі үш шамасында Жамбыл облысындағы Күйік асуында тыйым салатын белгіге қарамай асудан түсіп келе жатқан жүк көлігі 10 машинаны соқты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан Toyota Camry-де отырған бір адам қаза тапты. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан ауыр жүк көлігі ең алдымен дәл осы Camry-ді қаққанын көруге болады.

 

 

Сол маңда тұрған басқа жүк көлігінің бейнетіркеуіші машиналардың кептелісте тұрғанын түсіріпті. Кептеліске көлік тіркемесінің өртенуі себеп болған. Camry жүргізушісі бұрылғалы жатқанда жоғары жылдамдықпен келген DAF соғып өтеді, қарқынын баса алмаған фура жолдағы өзге машиналарды да іле кетті. Артынан өрт шығып, екі автобусты шарпыған.

 

Жол апатынан 10 адам жараланды, оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Оқыс оқиғаға кінәлі азамат 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.