Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайда 200 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды

28 желтоқсан 2022, 16:07

Қытайда тұман салдарынан 200 көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оған 11 өрт сөндіру көлігі мен 66 құтқару қызметкерлері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Egemen.kz тілшісі РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Қытайдың орталық Хэнань провинциясы Чжэнчжоу қаласында қою тұман салдарынан 200-ден астам көлік соқтығысты, бір адам қаза тапты.

 

Оқиға сәрсенбі күні таңғы сағат 7:40-та (Астана уақыты бойынша 5:40) екі жақты көлік көпірінде болған. Жолдың нашар көрінуіне байланысты көптеген көліктер бір-біріне соқтығысты.

 

Құтқарушылардың бірі апатқа 200-ден астам көлік қатысқанын айтты.