Қызылорда маңында жол апатынан үш адам ажал құшты

29 тамыз 2023, 09:04

Қызылорда маңындағы тас жолда жол апатынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

28 маусым  күні сағат 12:15 шамасында Қызылорда-Павлодар А17 тас жолының 120 шақырымында жеңіл автокөлікпен КаМАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

 

Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.

 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz