Қызылорда облысында 5 адам жол апатынан ажал құшты

24 тамыз 2023, 11:08

Қызылорда облысындағы жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

 

23 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының Шиелі ауданы Алмалы ауылының тұсында Газель және Nexiа автокөліктері соқтығысып, салдарынан 5 адам қайтыс болып, 3  адам жарақат алды.      

 

ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

 

Полиция қызметкерлері жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz