Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам ажал құшты

15 желтоқсан 2022, 14:51

Қызылорда облысында Қызылорда –Теренөзек тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.

14.12.2022 жылы Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ, бензовоз жәнеі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

 

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.