Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылорда облысында көлік түйеге соғысып, бір адам қаза тапты

17 желтоқсан 2022, 13:03

Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.

 

«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы  3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

 

Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.