Lamborghini фураның астына кіріп кетті

26 шілде 2023, 11:58

22 шілде күні АҚШ-тағы Джорджия штатында Lamborghini Aventador қатысқан апат болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде жарияланған суреттерден жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі қатты бүлініп, төбесі жапырылып қалғанын көруге болады.

 

Ал жүргізуші миы шайқалып, жарақат алғаны болмаса, дін аман екен. Машина сәл оңға ығысқанда, 36 жастағы ер адам салонға қысылып қалар еді.

 

Оқиға болардан 20 минут бұрын трассада жүрген полицейлердің бірі әріптестеріне күміс түсті суперкар сағатына 100 миль жылдамдықпен жүйткіп бара жатқанын ескерткен екен.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz