Маңғыстау облысында шаңды дауыл салдарынан 6 көлік соқтығысты (видео)

27 ақпан 2022, 00:19

Қарақия аудандық ПД-нің мәліметінше, көлік апаты кезінде ешкім ауыр жарақат алған жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Жол көлік апаты Жетібай-Жаңаөзен бағытындағы тас жолдың 45 шақырымында болды.

 

Шаңды дауыл салдарынан бірнеше көлік соқтығысып қалды.

 

 

Алдын ала мәлімет бойынша, бір бағыта келе жатқан Toyota Matrix, Hyundai Accent, Daewoo Nexia, Audi 100 және Ваз 2110 маркалы көліктері соқтығысып, қатты зақымдалды.

 

Оқиға орнында Қарақия аудандық полиция бөлімінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр.

Жол көлік апатынан ауыр жарақат алған ешкім жоқ.

Зардап шеккендердің жалпы саны мен қазіргі жағдайы қазір анықталуда.

Тергеу амалдары жүріп жатыр, — делінген хабарламада.