Маңғыстауда шаңды дауыл салдарынан ірі жол апаты болды

27 ақпан 2022, 21:29

Жаппай жол апаты Жетібай-Жаңаөзен бағытындағы тас жолдың 45 шақырымында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бір бағыта келе жатқан Toyota Matrix, Hyundai Accent, Daewoo Nexia, Audi 100 және Ваз 2110 маркалы көліктері соқтығысып, қатты зақымдалды.
«Оқиға орнында Қарақия аудандық полиция бөлімінің тергеушілері жұмыс істеп жатыр. Жол көлік апатынан ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Зардап шеккендердің жалпы саны мен қазіргі жағдайы қазір анықталуда. Тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада.

aikyn.kz