Мектеп директоры ішіп алып, көлікпен оқушыны қағып кетті

23 желтоқсан 2021, 19:44

Жол апаты 20 желтоқсанда сағат 18:40 шамасында болды. Жангелдин ауданының орталығында ішіп алкогольдік ішімдіка алып көлік айдаған жүргізуші 14 жастағы оқушыны қағып кеткен.

 

"Volkswagen Polo" автокөлігінің жүргізушісі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Ботабай Шаимов екені белгілі болды, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі көлік тізгіндеген директордың аздап мас болғанын растады.

 

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қарай процестік шешім қабылданатын болады, — деді ПД баспасөз қызметінің хатшысы Ирина Беженарь.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен қыз аудандық ауруханаға жеткізілген.

 

Оң жақ жамбасы көгерген. Ептеп қорқып қалған. Толық тексеріліп, үйіне жіберілді. Басқа жарақат пен зақым жоқ, — деді денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

 

Ал Қостанай облысының білім басқармасындағылар егер құқық қорғау органдары талап етсе, мектеп директорның қызметінен шеттетілетінін айтты.

 

"Мәселені Жангелдин аудандық білім бөлімі Әдеп жөніндегі кеңесте қарайды", — деп толықтырды білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова.