Мистикалық апат: "КАМАЗ" жол ортасында аударылып қалды (видео)

27 қаңтар 2022, 18:28

Алматыда әл Фараби даңғылымен кетіп бара жатқан КАМАЗ аяқ астынан аудырылып қалған. Ортан белден үзіліп, төңкерілген жүк көлігінің бейнежазбасы Instagram-дағы kris_p_almata парақшасында жарияланды деп жазады exk.kz тілшісі.

 

Видеодан КАМАЗ-дың карданындағы болттардың босап қалуынан тартқыш жабдығы ажырап, екі дөңгелегі шығып кеткенін көруге болады. Соның Салдарынан жүк көлігі тұмсығымен жер сүзе, төңкеріліп түскен. Жол апаты кезінде жанында қозғалған жеңіл көліктердің бірінің де жүргізушісі мән бермейді. Содан болар, желі қолданушылары бұл жағдайға түрлі пікірлерін қалдыруда.

 

 

"Адамгершілік мүлдем қалмаған". "Неліктен ешқайсысы тоқтамайды. Жүгіріп барып жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесер жанның болмағаны ма?" "Адамдар неге сонша қатігез болып кеткен", — деген күйінген жазбаларын жазуда желі қолданушылары.