Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты (видео)

18 қазан 2021, 19:56

Оқиға Абылай хан мен Жансүгіров көшелерінің қиылысында болған. Жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Жол апаты бүгін сағат 5 шамасында болды, деп мәлімдеді елордалық ПД-нің баспасөз қызметі. Instagram-дағы astana_sergek парақшасы оқиға орнындағы көріністі видеоға түсіріп, жариялады.

 

"Daewoo Nexia" маркалы көлігі Абылай хан көшесімен келе жатып Жансүгіров көшесінің қиылысында мотоциклмен соқтығысты. Нәтижесінде мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, — деп мәлімдеді қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.

 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.