Оқиға Павлодарда алты адам жол апатында зардап шекті

21 тамыз 2023, 14:29

Оқиға Павлодарда алты адам жол апатында зардап шекті. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 20.30 шамасында Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 97/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы  «Lada Granta»  және «Mercedes» маркалы автокөліктер соқтығысқан.

 

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Granta» автокөлігінің жолаушылары – екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ екінші  көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

 

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz