Орал-Атырау тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

21 ақпан 2022, 00:09

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының аумағында жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Мой ГОРОД». 

 

Оқиға 20 ақпан күні шамамен сағат 08.00-де Орал-Атырау жолының 207 шақырымында болды.

 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жүргізуші «Тойота Альфард» автокөлігін басқара алмай, көлік аударылған.

 

Жол апаты салдарынан екі адам Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

 

Көлікте болған 1986 жылы туған азамат ауыр жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

 

Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Бірнеше сараптама тағайындалды.

 

 

 

24.kz