Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оралда 4 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

30 желтоқсан 2022, 17:15

Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23.00-де Жәңгір хан көшесінде болды.

 

«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі түйісті. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, 44 жастағы жүргізушінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен 30 жастағы жігіт бір айдан бері табылмай жатыр.