2022 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10.45-те жүргізуші "ВАЗ-217030" маркалы автокөлікті басқара отырып, Екібастұз қаласындағы Қ.Нұралин көшесімен жүріп келе жатып, жолдан белгісіз жерде өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Павлодар облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
— Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.