Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

07 сәуір 2022, 08:15

Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы Екібастұз қаласынан 30 шақырым жерде Қалқаман кентінің маңында болған.

 

- 103 желісіне бүгін сағат 16:15-те шақырту келіп түсті. Бірден Қалқамандағы ТМҚП жедел жәрдем мен апаттар медицинасы орталығынан екі бригада көмекке шықты. Бригада жеделдіктің 1 санаты бойынша оқиға орнына 19 минутта жетті. Зардап шеккен 5 адам, - делінген хабарламада.

 

1989 жылы туған алматылық азамат ЖБМТ, кеуде қуысының көгеруі мен сол жақ құлақтың жыртылуы диагонозымен және 1978 жылы туған ер адам  ЖБМТ, оң жақ үшінші қабырғасының жабық сынуы диагнозымен Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

 

Ал 12 жасар бала мен 1976  жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жол апатынан опат болған тағы бір адамның жеке басы анықталуда. Ол 50-55 жас шамасындағы азияттық келбеттегі әйел адам.