Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
13.04.2022 жылы кешке, яғни сағат 19:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы, аудандық полиция бөлімі және прокуратураның басшылығы шықты.
Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен «Audi 100» маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Сондай-ақ, автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жолдарда абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.