ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды

04 тамыз 2023, 18:15

Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.

 

«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында «Nissan Teana» маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген ақпаратта.

 

Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.

 

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz