Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

09 мамыр 2022, 12:57

Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Semeynews.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты 8 мамыр күні сағат 11.20 шамасында Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы – Майқапшағай республикалық тасжолының 475/846-шақырымында болғанын хабарлады.

"Ssang Yong Actyon" маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан "Ваз-21014" көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан "Ваз-21014" көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал "Ssang Yong Actyon" көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген", - деді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Semeynews.kz