Шымкентте жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

16 тамыз 2023, 16:42

16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

Салдарынан 28 жастағы мотоцикл тізгіндеушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

 

 

Аталған жайтты Шымкент ҚПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК  345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркеді.

 

 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz