Шымкентте жүк көлігі көпірден құлап, төрт автоны басып қалды

14 сәуір 2022, 17:35

Шымкент қаласының полицейлері көпірден құлаған жүк көлігі бойынша тексеріс шараларын бастады. ГАЗ-53 төрт жеңіл көліктің үстіне түсті. Алдын ала болжамға сәйкес, ауыр жүк көлігінің тежегіші істемей қалған. Бұл туралы Otyrar.kz порталына сілтеме жасаған sputnik.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Жол апаты бүгін таңғы уақытта ескі автовокзалдың жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, "ГАЗ-53" маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Рашидова көшесімен келе жатып, көпірге шыққанда кілт оңға бұрылған.

 

Жүк көлігі тосқауылды бұзып, жанар-жағармай станциясының аумағына құлаған. Дәл сол жерде төрт жеңіл көлік тұрды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Жол апаты кезінде көліктерде адам болмаған. "ГАЗ-53"-тің жүргізушісі де ауыр жарақат алмады.

 

Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, жүк көлігінің тежегіші істемей қалған.

 

Жүргізуші жол апатына түспеу үшін көпірдің жақтауына қарай бұрылған. Сөйтіп, көлікті тоқтатпақшы болды. Бірақ жақтау сынып, көлік төменге құлаған.

 

Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Сол кезде жол апатының нақты себебі анықталады.