Шымкентте пойыз жүк көлігіне соқтығысты

20 маусым 2022, 22:52

Шымкентте пойыз бен жүк көлігі соқтығысты. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі OTYRAR арнасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 маусымда түс ауа "Елтай" тұрғын үй алабына жақын маңдағы теміржол өткелінде болған.

 

Оқиғадан кейін апат орнында түсірілген видео жарияланды.

 

Видео кадрларынан жөк көлігі пойыз алдында көлденең тұрғанын көруге болады. Оқиға орнында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Зардап шеккендер жоқ.

 

Апаттың жай-жапсары әзірге белгісіз.