Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болды

25 қазан 2021, 10:07

Талдықорғанда 24 қазан күні түнде жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Жол-көлік оқиғасы 24 қазанда сағат 22:18 шамасында болды. Toyota Camry маркалы автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі Қонаев көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай қалып, электр бағанасына соғылды, - делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.

 

Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ, апаттан 22 жастағы жолаушы зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді.

 

Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды және ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігімен тергеу басталды.