Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тараз маңындағы жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысты (видео)

15 қазан 2021, 17:39

Тараз маңындағы тасжолда екі көлік бетпе-бет соқтығысып, бір адам көз жұмды, тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

 

 

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты Тараз – Сарыкемер тасжолының алтыншы шақырымында 15 қазанда сағат 7:20-да болған.

 

"Audi B4 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Тараз қаласына қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, 21 жастағы жергілікті тұрғын мінген ВАЗ-2104 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ жүргізушісі сол жерде көз жұмды, 6 адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды", -делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, бірқатар   сараптама тағайындалды.

 

 

 

sputnik.kz