Жантүршігерлік жол апаты (ВИДЕО)

Таразда жантүршігерлік жол апатын жасаған жүргізуші оқиғаға не себеп болғанын айтты

  • https://kolesa.kz/

    https://kolesa.kz/

15 қыркүйекте Таразда Hyundai көлігі аялдамада тұрған бірнеше адамды қағып кеткен еді. Жол апат салдарынан екі әйел қайтыс болды, зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. 23 жастағы жүргізуші оқиғаға не себеп болғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Полицияның мәліметінше, 23 жастағы жігіт түні бойы жұмыс істегендіктен, сол күні рульде ұйықтап кеткенін айтқан.

 

Қатты шошып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Одан бөлек, облыстық полиция департаменті жас жігіттің мас күйде болмағанын атап өтті.

 

Ол қазір тергеу изоляторында отыр.

 

Еске салсақ, адам өліміне әкелген жол апаты 15 қыркүйекте болды. Таңертеңгі уақытта жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қағып кетіп, екі адам қайтыс болған болатын.

 

Одан бөлек, 1968 және 1993 жылы туған тұрғындар зардап шеккен еді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды.

 

 

 




Көрілген: 1802    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 21:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31