Тасжолдағы көктайғақтың кесірінен Теміртау-Қарағанды автобанында он шақты көлік соқтығысып, жолда жүру жағдайын қиындатты.
Instagram желісінде жария болған бейнежазбада бірнеше жеңіл көліктің қатты соғылғанын байқауға болады, деп хабарлайды Экспресс К.
Шетінен быт-шыт боп соғылып тұр. Әне, анау жерде де, мында да тағы екеуі қатты соғылған, — деп әңгімелейді видео авторы.
Кадрда жол талғамайтыны бар, жеңілі бар, бірнеше көлік қирап, әр-әр жерде қаңтарулы тұрғаны байқалады.
"Жәй жүрсе қайтеді?!", "Жер қарада бұл трассамен жүру жылдамдығы 80! Ал біздің шопырлар көктайғақта жүзбен басады", — деп жазады желіқолданушылар.
Экспресс К бұған дейін 20 желтоқсан күні кешкісін Қарағанды облысында көктайғақ болып, тұман түсетінін ескерткен болатын.